Ақтөбе облысында мобильді байланыс сапасы төмен 68 учаскедегі мәселе шешілді

Ақтөбе облысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.
Жиында Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев интернетпен қамту және мобильді байланыс сапасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінде облыстағы 311 ауылдың 298-і интернетпен қамтылған. Қамту деңгейі – 98,8 пайыз.
Темір ауданы бойынша: Шұбарқұдық кентіндегі мобильді байланыс сапасы төмен екі учаскеде «Кар-Тел» ЖШС желіні жақсарту жұмыстарын жүргізуде. Жыл соңына дейін бұл учаскелердегі байланыс сапасын арттыру жоспарланған.
Аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша байланыс сапасы төмен учаскелердегі мәселелерді шешу, жоспарланған жұмыстарды мерзімінде аяқтау және елді мекендерді интернетпен қамту бағытындағы жұмысты жалғастыру міндеті қойылды.
Жалпы, 2024–2026 жылдары облыста анықталған 76 проблемалық учаскенің 68-інде байланыс сапасына қатысты мәселелер шешілген.
Темір ауданында да тұрғындарды сапалы мобильді байланыспен қамту жұмыстары жалғасуда.




