АБАЙЛАҢЫЗ, ЖҰҚА МҰЗ!

0
16

Күз, қыс мезгілінде өзен-көлдердің беті мұзбен жабылғанымен, оның қалыңдығы барлық жерде бірдей болмайды. Жұқа мұз адам өміріне қауіп төндіреді. Осыған байланысты Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Мұз үстінде қауіпсіздік сақтау ережелері:

  • Мұздың қалыңдығы 10 см-ден кем болса, мұз үстіне шығуға болмайды.
  • Өзен-көлдердің ағысы қатты, қамыс өскен және су өсімдіктері бар жерлерде мұзға шықпаңыз.
  • Қар басқан және түсі өзгерген мұз қауіпті екенін ескеріңіз.
  • Қараңғы уақытта және ауа райы қолайсыз кезде мұз үстіне шықпаңыз.
  • Мұз үстінде топтасып жиналмаңыз.
  • Мұз жарылған жағдайда тоқтап, салмақты біркелкі таратып, келген бағытыңызбен еңбектеп кері қайтыңыз.

Ата-аналарға ескерту!

Балаларды өзен-көлдердің жағасына және мұз үстіне қараусыз жібермеңіздер! Балалардың мұз үстінде ойнауына, сырғанауына және су айдындарына жақын жерде жүруіне жол бермеңіздер. Оларға жұқа мұздың қауіпті екенін түсіндіріңіздер.

Егер адам мұз астына түсіп кетсе:

  • Дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
  • Құтқару кезінде өз өміріңізді қауіпке тікпеңіз.
  • Зардап шеккен адамға ұзын таяқ, арқан немесе тақтай ұсыныңыз.
  • Зардап шеккен адамды судан шығарған соң жылы жерге жеткізіп, медициналық көмек шақырыңыз.

Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздік ережелерін сақтап, жазатайым оқиғалардың алдын алуға атсалысыңыздар.

Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі