Мұхтарға мың рахмет!

0
87

        Баяғыда үлкендер: «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде…» дейтін еді. Сол айтпақшы, аурудың жақсысы болмайды. Жаның қиналғанда, әуелі Алла деп, кейін іздейтініңіз дәрігер ғой.

 

           Жуықта мен де, ойламаған жерден,  сондай жағдайға түсіп қалып,  емханадан тексеруден өтіп, хирург-дәрігер Мұхтар Қоянбаевтың алдына баруым керек болды. Дәрігерді танымайтын адам бар ма? Мен де,  бұрын алдында болмасам да, Мұхтарды  сыртынан танитынмын. «Түсі игіден түңілме» деген ғой халқымыз, Мұхтар кабинетіне кіргеннен-ақ алдымен өзі сәлем беріп, жылы шырай танытып, жағдайымды сұрай бастады. Мен келген жұмысымды айтып, алып келген қағаздарымды көрсетіп дегендей, мұңымды шағып-ақ жатырмын.

–  Иә, ақсақал, бір жағынан жас та бар ғой. Уайымдамаңыз, аз күнде жақсы болып кетесіз, – деп,  көңілімді көтеріп тастады.

Дәрігердің жылы сөзін есіту – жартылай емделгенің ғой. Бір түрлі өзімді жақсы сезініп, емделіп кететініме сенімім арта түсіп, Мұхтарға риза болдым.

Қысқасы, сол күні Мұхтар мені жақсылап өзі тексеріп, ауруханаға жатқызып, барлық ем-домын қолданып, бірнеше күннен кейін құлан-таза емдеп шықты. Мұнша қысқа уақытта  сауығып кеткеніме өзім де таң қалдым. Қолы шипа Мұхтарға риза болғаным сонша, алғысымды жаудырып, үйге қайтып, бала-шағаммен, немерелеріммен сап-сау күйде қауыштым.

Мен, Мұхтар Қоянбаевқа шексіз алғысымды айта отырып, оның нұсқауымен маған уақытында ем қолданған барша медбикелерге де шын ризашылығымды білдіргім келеді.  Сіздердің барлығыңызды Жаңа Жылмен құттықтай отырып, отбастарыңызға ырыс-береке, мол қуаныш, өздеріңізге ұзақ та бақытты өмір тілеймін.

Нұрсұлтан ІЛИЯС,

                                                                                                              еңбек ардагері.