Үсік шалғанда не істеу керек?

0
107

Қатты үсікті санаулы минутта алуы мүмкін. Көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі. Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызды жұдырықыңызға жинап, киім астына салыңыз. Қолыңыз жылынып, құрғаған соң ғана қолғабыңызды киіңіз. Егер қолғап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз,  бірақ саусақтарыңызды жұдырығыңызға түймеңіз. Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз.

Егер аяғыңызды үсік шалса, орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз. Үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады. Бірақ қармен сүртуге болмайды.

Үсудің І-ші дәрежесінде үсіген  тұсты жылы қолмен, жеңіл массажбен, жүнді матамен, жылы деммен қызарғанға дейін жылытады. Одан соң мақталық-дәкелік таңу жасалады.
Ал үсудің ІІ-ІV дәрежесінде тез жылыту, массаж немесе уқалау жасалмайды. Зардап шегушіге ыстық шәй, ыстық тағам беріледі.
Тыныс алуы мен қан айналуы бұзылған жалпы үсік шалудың орта және ауыр дәрежесінде науқасты тезірек ауруханаға жеткізу қажет.

                                                                Темір аудандық төтенше жағдай бөлімі.