Мұнайшылар ұйымдастырған шара

0
80

               Жаңа жыл – адамдардың жүрегіне жаңа үміттер, жаңа мақсаттар мен тілектердің орындалуына сенім ұялататын, сондай-ақ балаларға сыйлық ұсынатын ғажайып мереке. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  АҚ-сы мен  «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-сі көп жылдардан бері жаңа жыл мерекесі қарсаңында мақсатты қайырымдылық акциялар өткізуді, атап айтқанда мереке күндері  ерекше қамқорлықпен назар аударуды қажет ететін мұнайшылардың балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлауды  дәстүрге айналдырған.

           «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  АҚ-сы мен «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-і ұжымы биыл да осы тамаша әдетінен айнымай, Кеңқияқ пен Саркөл ауылдық округі әкімдерінің хаты негізінде, Кеңқияқ, Шұбарши және Саркөл ауылдарындағы әлеуметтік осал топтарына жататын отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалпы саны 680 дана жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыстады. Айта кету керек, бұл сыйлықтардың 500-і  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-сы тарапынан берілді.

Бұл шарадан тысқары жаңа жыл қарсаңында, Кеңқияқ ауылдық округінің мәдениет үйінде, «Кеңқияқмұнай» МГӨБ кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-сі қызметкерлерінің балаларына арналған ертеңгілік өтті. Балалар ойын-сауық бағдарламасын тамашалап, жаңа жылдық сыйлықтар алды.  Тәрбиешілер мен балалардың ата-аналары, «СНПС-АМГ» АҚ-сы  мен «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-сі «Балалар жылы-2022» акциясын осындай  ауқымды қайырымдылық шарасымен қорытындылауын жоғары бағалап,   ризашылықтарын білдірді.

Жоғарыда сөз етілген қайырымдылық шаралары  туралы «КМГӨБ»-нің бастығы Рафик Акманов,   әлеуметтік жұмыстың маңыздылығын атап өте келе: «Кеңқияқмұнай» МГӨБ ұжымы көптеген жылдар бойы жергілікті ауылдық елді мекендермен тығыз байланыста жұмыс жасап, түрлі көмек пен қолдау көрсетіп келеді. Біз кен орындарымыздың өндірістік-технологиялық дамуы мәселелерімен қатар,  әлеуметтік әріптестік саясатына және мұнай-газ кен орындарының маңында тұратын халықты қолдауға үлкен мән береміз. Оның ішінде біз, әсіресе ауылдық округтердің коммуналдық даму мәселелеріне көмектесуге дайын екендігімізді үнемі көрсетіп келеміз. Ал балалар ғажайыпқа сенеді.  Сондықтан біз оларға ерекше қамқорлық танытып, кішкентай жүректеріне жарқын болашаққа деген сенім ұялатуымыз керек.  Жаңа жыл қарсаңында 680 балаға жақсы көңіл-күй сыйлағанымызға өте қуаныштымын»  деді.

                                                                                                    Минура ҚАБДЕШ, 

                                                                                          «Кеңқияқмұнай» МГӨБ-нің

                                                                                           қазақ тілі аудармашысы.