АУДАН ӘКІМІ АҚСАЙДА

0
80

   Қаңтар айының 26-сы  аудан әкімі С. Аманбаев Ақсай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстармен таныстырып өтті. Басқосуда ақсайлықтар елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру мәселелеріне тоқталды.

 

Кездесу барысында аудан әкімі Темір ауданынан ауыл тұрғындарының әл ауқатын арттыру мақсатында іске асырылған «Ауыл аманаты» жобасының I кезеңінде Ақсай ауылдық округі қамтылғанын айтты. Ауылды дамытуға бағытталған «Асылхан» ШҚ иесі И.Асылхан жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ақсай ауылдық округі «Асылхан» шаруа қожалығының басшысы А.Құрмановқа тауарлы несиелендіру шеңберінде 10 бас ірі қараға сертификат табыстаған болатын. Ақсай ауылдық округі бойынша барлығы 93 жоба 151.7 млн теңге жүзеге асырылды.

Ақсай ауылдық округі тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді аудан әкімі мұқият тыңдап, барлығына  жауап берді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

                                                                                                                                  Темір Ақпарат.