«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

0
89

     Аудан әкімі Саламат Аманбаев Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесу барысында «Асылхан» шаруа қожалығының өндірістік базасында болды.

Аудан әкімі шаруа қожалығының басшысы И.Асылханмен кездесті. Аталмыш шаруа қожалығы Темір ауданынан бірінші болып «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, өткен жылы тауарлы несиелеу арқылы Ащысай ауылының бір тұрғынына 10 бас ірі қара мал беріп, биыл да жерлестеріне келісім шарт негізінде ірі қара мал беру арқылы көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Аудан әкімімен кездесуде шаруа қожалығы басшысы алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың ауқымын кеңейту, оның ішінде мал басын көбейту бойынша және алдағы уақытта өндірістік базасында экотуризмді ашу жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында аудан әкімі шаруа қожалығы басшысына аудан әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтып, жаңа жылда сәттілік тіледі.

                                                                                                                                        Темір газеті.