Жиын өтті

0
29

     30 қаңтар күні  аудан әкімі Саламат Аманбаевтың төрағалығымен арнайы жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, аппарат басшысы А. Сисенов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ж. Имашев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е. Жолдығарин, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Темір аудандық филиалының директоры А. Мырзағали, аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Б. Барсаев, кент әкімі Қ. Нұралы қатысты.

Күн тәртібінде «Аудан бойынша эпизоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық алдын алу, диагностикалық іс-шаралар» туралы аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Б. Барсаев, «Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы 2021-2025» бағдарламасының орындалуы, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы» туралы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Темір аудандық филиалының директоры А. Мырзағали баяндама жасап, басым бағыттарын түсіндіріп өтті.

Айта кетерлігі, бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданнан жалпы соммасы 3 млн теңге құрайтын бір жоба және Шұбарқұдық кентінен жеке кәсіпкер Е. Сүйіндіков жылыжай кешенін дамыту бойынша қайтарымсыз грант иегері атанды.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралған соң аудан әкімі тиісті мекеме және бөлім басшыларына әр бағыт бойынша тапсырмалар жүктеп, тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарды жылдамдату қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, аудандық ветеринариялық станса басшысы Б. Барсаевқа аудан бойынша кең ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандәурен Қойшыбаевқа жүктелді.

                                                                                                             Раяна ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ.