Кеңестудағы кездесу
1 ақпан күні «AMANAT» партиясының желілік кестесіне сәйкес, экс-депутат Б.Шаимов Кеңесту елді мекеніне барып, көп балалы аналармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында экс-депутат Партияның Сайлауалды бағдарламасы Жол картасы бойынша 2021-2022 жылдары орындалған жұмыстары және Партиялық жобалардың іске асырылуы туралы, қысқаша айтып өтті.
Кездесу соңында, қатысушылардан ұсыныс-пікірлері сұралып, әр тұрғынның пікірі ескерусіз қалмайтындығы жеткізілді.