Әскери тұлға Жансен

0
93

Биыл жерлесіміз тұңғыш генерал лейтенант  атағын алған Жансен Кереевтің туғанына қаңтар айында 93 жыл толды. Жерлесімізді насихаттау мақсатында  музейде әр жыл сайын танымдық кеш, кездесу кеші, көрме, лекция сияқты әртүрлі шараларды өткіземіз. Осыған орай биыл музейде өз жұмыс жоспарына сәйкес, қысқаша мәлімет беруді жөн көріп отырмыз. Ж.Кереев қызмет сатысының 33 жылын  әскери салаға арнап, әскери училищьені тәмәмдағаннан бастап, генерал шенін алғанға дейін қызмет бабын абыройлы атқарған азамат ретінде танымал тұлға екендігіне ешкім таласпайды. Ж.Кереев туралы тың деректер мен мәліметтер жинақталып, шаралар ұйымдастырылады. Өткізілген шаралардың маңыздысы  2018 жылдың 17 қазанда Ж.Кереевтің немересі Кереев Жансен Артурұлы, туысқандарының қатысуымен, тарихи құжатарын  рәсімдеу мақсатында өткізілген шара еді. Осы шараға республикадан қонақтар қатысты. Президент  жолдауын насихаттау талқылау, түсіндіру жұмысымен республикадан келген қонақтар қатысып, генералдың өмірі мен қызмет жолы туралы шолулармен, деректермен танысып, өздерінің лебіздерін  білдірді.  Шара барысында музей директоры А.Римовке генералдың  немересі Жансен музейге  құнды жәдігер, тарихи құжатын тапсырды. Жансен  Артурұлына музей атынан алғыс айтылып, құжат музей қорына  қабылданды. Біз Жансеннің бұл жолы бала кезіндегі атқарған қызметімен  таныс болсақ, енді әскери жолындағы қызметі туралы айтпақпыз.  Бұл құжаттар Жансен Кереевтің қызметтік мансап кезінде беріген құжаттар, ГДР, Вьетнам елінен алынған орден, медальдар Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінен хаттар, өмірбаяндар, әскери академияда оқыған кезінде берілген, әскери шенді жоғарылату марапаттары, партиялық мінездеме, қызметтік тізімдер, медициналық анықтамалар бар. Жансен Керейұлы  осы құжаттарда әскери бөлімді басқарған жылдарында қызметтік тәжірибе сынақтардан  өткен құжаттардың көшірмелері мысалы, шені лейтенант 1953-1956 жылы 3 жыл взвод командирі, шені капитан 1956-1962 жылдары Германияда рота командирі, М.В.Фрунзе атындағы әскери академияда 1962-1965 жылдары  оқып, майор шенін алған. Приволжье әскери округі командашысының бірінші орынбасары және Әскери Кеңестің мүшесі бас штабтың бастығы болып қызмет жасаған, 1978 жылы қаңтар айы мен — 1982 жылы ақпан айында  берілген  іс-тәжірибесін қысқаша баяндасақ:

«Генерал-лейтенант Кереев Жансен в должности начальника первого заместителя Командующего и Члена Военного Совета округа.

Это время проявил себя добросовестным и хорошо подготовленным генералом.   В оперативно-тактическом отношении подготовлен.

Замысел боевых действий формирует кратко и ясно. Обладает достаточным знанием военно-политической обстановки. В совершенстве владеет методикой разработки проведение командно штабных и войсковых учений… » десе,

27-гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының командирі генерал-майор шенінде алған құжаты,  22 мамыр 1975 жылы берілген мәліметіне қысқаша зер салсақ:

«генерал-майор Кереев Ж. дивизией командует около двух лет. За это время проявил себя дисциплинированным, всесторонне подготовленным, трудолюбивым генералом. На проводимых учениях и в повседневной жизни дивизией командует уверенно, со знанием дело.

В оперативно-тактическом отношении подготовлен хорошо. Имеет твердые знания по планированию и ведению современной армейской операции, по боевому применению в ней родов войск и всестороннему обеспечению.

Твердо знает организацию, вооружение и взгляды армии наших вероятных противников на ведение боевых действий…»

Осындай замандастарынан, қызметтестерінен оқ бойы озық шыққан жерлесімізді насихаттау, халық жадында мәңгі есте қалдыру үшін  Кереев Жансен Керейұлы Бабатай өңірінен шыққан,  біздің жерлесіміз екенін мақтанышпен айтып отыру біздің парызымыз.

Н.Қуанбаев