Ауған асуында от кешкендер

0
94

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен                                   «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші  өтті.                                                                                                                                                 Мәдени шараға  мектеп оқушылары және  Ауған соғысы ардагері,  Темір аудандық Ауған соғысының ардагерлерінің төрағасы Нұртазин Жеткербай Жақсылықұлы, Сисенғалиев Шайха Бақтанұлы, Бакитов Тимур Мұратұлы, Искаков Қанат Күлпейсұлы,    Байжұмаев Мұрат Зайұлы, Қонақбаев Сайран Рахметұлы қатысып,         ой бөлісіп, сыр сұхбат жүргізілді.     

  

Кешті Кеңқияқ ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Төлешов Сатай Төлешұлы ашып, мәдениет үйі директоры Қоқаманов Ақылбек Жауынбайұлы сөз сөйлеп,  Кеңқияқ ауылдық округ әкімінің кеңесшісі Шайхин Болат Кеңесұлы ауған соғысы ардагерлеріне ауыл әкімі Макар Мендіғалиұлы Утегеновтың атынан «Алғыс хат»  пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыз   Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша тоқталып, мәлімет беріп, бастарынан өткен нәубеттері туралы әңгімелеп берді.

Кеш  мәдениет үйі өнерпаздарының  сазды концертіне ұласты.

                                                                                                                     Әсемгүл ТУРЕШОВА.