Интернаттағы өмір қызығырақ!

0
144

          Аудан аумағындағы мектебі жоқ шағын ауылдардың балаларының бірсыпырасы аудан орталығындағы интернатта тәрбиеленуде. Жақында интернат тәрбиешілеріне жолығып, пікіралысқан болатынбыз.

– Сәлеметсіз бе? Бізге интернаттағы балалардың өмірі мен интернаттың хал-ахуалын айта өтсеңіз?

–  «Біздің Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы интернат жаңадан салынған. Екі жыл бұрын ашылған болатын. Интернатта 60 орындық пен асхана және оқу залдары бар. Қазіргі  таңда интернатта 42 оқушы білім алады. 3 тәрбиеші, 2 аспазшымыз бар. Жылдың басында 49 оқушы болған. 7 оқушы отбасылық жағдайына байланысты не қоныс аударуына байланысты интернатта тұрмайды. Интернатта аз қамтылған отбасылардың балалары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар бар.  Біздің интернатқа Қалмаққырғаннан, Шығырлы мен Бабатай секілді ауыл-аймақтардан келіп оқиды.  Балалардың өздерінің жататын жері мен жеке шкафы бар» деді тәрбиеші  апай Гүлнұр.

       –     Интернатта қанша қызметкер жұмыс істейді? Басшыларыңыз туралы айтсаңыз?

–   Мектеп директоры Құлынтаев Ақылбек Қазақбайұлы.  Ол кісі аптасына 2 рет интернатымызға келіп кетеді. Келген сайын балаларымызбен әңгіме-дүкен құрып, балаша мәз болып, балалармен бірге қызықты уақыт өткізеді. Интернатта 3 тәрбиеші, 2 аспазшымыз және 2 күзетшіміз бен 2 тәрбиешінің көмекшісі бар. 42 баланың әртүрлі мінезі бар дегендей, тәрбиешілерде балалармен бірге уақыт өткізіп, әртүрлі іс-шара болсын, тәрбие сағаттары болсын барлығын балалардың сабақтан тыс уақытында өткізуге тырысамыз.

    –   Интернатта балаларға қойылатын талаптар қандай?

–  Әрине, кез- келген мекеменің өзінің тәртіптері болады. Біздің де өзіміздің талаптарымыз бар. Ең бірінші тазалық және сабақ оқуға көңіл бөлу. Біздің интернатта 0-11 сынып оқушылары бар. Кіші сыныптар мен 9 сыныпқа дейін телефон ұстауға болмайды. Балаларымыз тек сабақ оқитың кезде өзінің планшетімен оқиды. Ал жоғары сыныптардың өзінің ұялы телефондары бар. Олар енді Жоғары оқу орнына түсуге дайындалатын болған соң, ұстауға рұқсат. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өзінің белгіленген уақытында ғана теледидар қарауға мүмкіндіктері бар.

     –   11 сынып оқушылары Ұбт-ға қалай дайындалады?

–  Бізде балаларымыз сағат 10-да не жарымда ұйықтайды. Ал 11 сынып оқушыларына ондай белгіленген уақыт жоқ. Және өздерінің үйірмелері мен курстарын оқуға мүмкіндіктер береміз.

    –  Балалармен психолог маман жұмыс істей ме?

–  Әрине, бізде Утебаева Самал психолог маманымыз бен қатар, әлеуметтік педагогта оқушылармен жұмыс жасайды. Әр оқушымен өзінің уақытын бөліп, түрлі суреттер салып, мамандарымыз жұмыстанады.

     – Интернаттқа қазіргі уақытта не жетіспейді. Не дегенмен осы мекемеде істеп жүргеніңізге 10 жылдай уақыт болды ғой.

–    Интернатта оқитын балаларға үкімет тарапынан көп көңіл бөлсе деген өтініш қана. Ал басқа ешқандай минустары жоқ. Интернат жоғарыда атап өткенімдей жаңадан салынған. Қыста жылы, балаларымызды ыстық су, суық сумен қамтамасыз етіп отырғанына алғыстан басқа айтарымыз жоқ- деп Гүлнұр тәрбиеші апаймыз жауап берді.

      «Интернаттағы өмір туралы» балаларменде сұхбаттасқан болатынбыз.

–   «Маған интернаттағы өмірім ұнайды. Себебі, бұл жерде достарым өте көп және олармен сабақтан тыс бірге уақыт өткіземіз. Әсіресе, интернатта бізде «қолөнер үйірмесі» бар. «Қолөнер үйірмесінің жетекшісі Шәменова Зәмзәгүл апайымыз –менің екінші анамдай, қамқор. Әрқашан бізге білмегенін үйретуге дайын тұратын жан» деді қуана Замира қызымыз.

–   «Саған несімен интернат  ұнайды?»  деген сұраққа: « Әр аптаның төртінші күні дискотека болады және әр аптаның жұма күні бешбармақ жейміз не манты жейміз. Менің сүйікті тамағым- таңғы асқа ішетін ботқа. Сол үшін Елена аспазға алғыс айтқым келеді» дейді 10 сынып оқитын Нұрбақыт.

– «Әр аптаның демалыс күні үйімізге демалысқа барамыз. Әрине ата-анамызды сағынамыз. Бірақ, интернаттағы достарымды көруге асығып тұрамын» деп жауап берді Аслан.

     – Интернаттағы бос уақыттарынды қалай өткізесіңдер?

–  «Іште достарымызбен шахмат, шашки, дамино ойнаймыз. Және өзіміздің «Ұлттық» бөлмеде ән айтып, би билейміз» деді Амина.

Балалармен  сұхбаттасқанда интернаттағы өмірлерін тек жақсысын айтып отырған шығар деп ойладым. Бірақ көздеріндегі қуанышты көріп, олай ойламаймын. Әр бала бақытты болуға лайықты. Мейлі ол үйінде болсын, не интернатта ата-анасынан жырақ достарының қасында болсын.

                                                                                                                                   Әңгімелескен

                                                                                                                     Қожагелді Алтынгүл.