«Әр өлеңі – бір әлем»

0
119

«Адамды адам еткен – кітап,

 адамзат еткен кітапхана».

            Әбіш Кекілбаев.

         Еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы –  кітапхана.                   Әсіресе, мектеп кітапханасы – кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық  рухта тәрбиеленуіне, ғылыми, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін брден-бір әлеуметтік орын.

Осыған байланысты, Алтықарасу  мектеп-балабақшасында                                  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір сынып – бір кітап» акциясы ұйымдастырылды. Ең алғашқы болып, акцияны ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай,  9-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Г. Өтегенова), «Әр өлеңі – бір әлем» атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өткізді.  Кештің мақсаты – мектеп оқушылары арасында сынып болып әдеби кітап оқып, ақын шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең арқылы халқына, тіліне, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.

Шараға оқушылар белсене  асалысып, ақын шығармашылығын кеңінен насихаттап, өлең жолдарын оқыды, поэзия әлеміне тоқталды, көрермендерге  ақын туралы сұрақтар қойып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс қойды. Кеш   оқушылардың  ақынның «Бақыт» әнін бірге шырқауымен  аяқталды және кеш соңында оқушыларға  ақынның  жыр  жинағы сыйлық ретінде табысталды.

Бұл  акция  мектеп  кітапханасында одан әрі  өз  жалғасын  табады.

                                                                                                                       Гүлбарам ӘКІМҚЫЗЫ,