Ұлттық құндылықтар үйірмесі

0
116

Оқушылар үйіндегі «Оюлар сыры» үйірмесі­нің оқушыларға үйретері көп. Мұн­да оқушылар жүн басу, ши тоқу, ою ойып, ағаш материалынан түрлі бұйымдар жасауды үйренуде.

Ата-бабадан қалған ұлттық құндылық­тарды оқушылардың бойына сіңіруді мақсат еткен үйірменің нәтижесі де баршылық. Айталық, жақында өткен республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнері бойынша балалар шығармашылығы көрме-байқауының облыстық кезеңіне оқушыларымыз қатысып, жақс нәтиже көрсетті.

 

Атап айтқанда, «Жүн басу» номинациясы бойынша Кожан Алтынай өзінің ұлттық киімін ұсынып, І-ші  орынды жеңіп алу мен бірге, байқаудың республикалық кезеңіне жолдамаға ие болса, Сергеева Баян  «Ши тоқу» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ-ші орыннан  көрінді. Талапты оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Төлеген Конирбаев