Биіктен көрінуде

0
86

 Таяуда, «Жас star» V-ші Республикалық музыкалық өнер байқау-фестивалінде Шұбарқұдық балалар  саз мектебінің бір топ оқушылары биіктен көрінді. Атап айтқанда «Домбыра» номинациясы бойынша Бижан Ерасыл «ГРАН ПРИ»-мен марапатталса,  Қайсар Нұрасыл, Қыдырбай Еркеназ, Иван Ақжан ІІІ-ші, Сабыржан Ерасыл мен Кәдірғали Інжу ІІ-ші, Қалдымұрат Мейірлан мен Қанатов Нұрбақыт І-ші Дәрежелі Дипломмен (жетекшілері Айғабылова Нұркенже Досбергенқызы мен Әбенова Камила Сәрсенбайқызы және  Тәжібай Ердаулет Нұрмұқанұлы) марапатталды.

     Ал, «Оркестр және ансамбль» номинациясы бойынша «Жас өрен» ансамблі ІІІ-ші, «Серпін» мен  «Балауса» және  «Ақ жайнақ» ансамблі ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

  Тағы бір айта кетерлігі, жуықта V-ші Республикалық музыкалық өнер байқау-фестивалінде «Домбыра» номинациясы бойынша «ГРАН ПРИ»  жеңіп алған Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің оқушысы Бижан Ерасыл Мерекеұлы  мен  жетекшісі Тәжібай Ердаулет Нұрмұқанұлы «Қайырлы таң, Ақтөбе!» ақпараттық-сазды теле-бағдарламасының қонағы болды және алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, жас домбырашы өнерін көрсетті. Жерлестеріміздің биіктерді бағындыра беруіне   тілектеспіз!

                                                                                                                       ТЕМІР ГАЗЕТІ.