Ұлағатты ұстазды еске алды

0
80

6 мамыр күні, аудан әкімі С. Аманбаев, Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Д. Жабасовты және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, актёр А. Төлеповті қабылдады. Қабылдау барысында Д.Жабасов, ұлағатты ұстаз, анасы Ш. Ерғалиеваны еске алу кешіне дайындық барысымен және өнегелі естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар қабылдау барысында ауданда, әсіресе балалар мен жастар арасында, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мәселесі көтеріліп, жас балуандардың алаңсыз жаттығу жасауына жағдай жасалатыны сөз болды.  

Сол күні аудан әкімі С. Аманбаев, Н. Байғанин атындағы мәдениет үйінде ұлағатты ұстаз, ақын, сазгер Ерғалиева Шара Бақытжанқызын еске алу кешіне қатысты.  Аудан басшысы еске алу кешінің алғашқы сөзін алып, білім саласында өлшеусіз із қалдырып, шәкірттеріне бағдар берген аяулы ұстаздың есімі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді. Өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште оның қызметтегі әріптестері сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктермен бөлісті.
Ш. Ерғалиева 1954 жылы 6 мамырда дүниеге келген. Ұстаздың жалпы білім саласына сіңірген еңбегі орасан зор. Ш.Ерғалиева өте қарапайым, сыйлы әріптес, парасатты дос, адал ұстаз ретінде көпшіліктің есінде қалды.
Кеш соңында ұстаздың ұлы Д. Жабасов, еске алу кешін ұйымдастыруға қолдау білдірген аудан әкіміне және көзкөрген, заманында әріптес болған кеш қонақтарына алғысын білдірді.

                                                                                                                           ӨЗ ТІЛШІМІЗ.