«Жігіт сұлтаны-2023»

0
59

Н. Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Жігіт сұлтаны-2023» атты аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – ата-баба салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру және әрбір жігіттің бойындағы  қабілетін дамыта түсіп, жағдаяттан шыға білу, сахна мәдениетін қалыптастыру.

Байқауға 7 үміткер қатысып, 5 кезең бойынша сынға түсті. Атап айтсақ, кезеңдер «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» (амандасу, танысу), «Болар елдің баласы бірін-бірі «Батыр!» дер» (бәсекелесінің абыройын арттырып оң баға беру), «Жігітке жеті өнер де аз» (өнер көрсету), «Күш атасын танымас» (спорттық бәсеке), «Білгенге маржан» (ер азаматтарға байланысты салт-дәстүрден сұрақ) днп аталатын бөлімдерден тұрды.
Сайыс соңында, Қазылар алқасының шешімі бойынша
«Бас Жүлдені» (30 000 теңге) № 3-ші Шұбарқұдық ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шылмырза Ізтілеу қанжығасына байласа,
І-орын (25 000 теңге) № 4-ші Шұбарқұдық ЖОББ мектебінің математика пәнінің мұғалімі Таңбай Наурызбайға бұйырды.
Ал ІІ-орынды (20 000 теңге) Қопа ауылдық округінен Байзақ Өмірзақ иелесе, ІІІ-орынмен (15 000 теңге)  шұбаршилік   Мұхтар Еламан қанағаттанды. Сондай-ақ, Тасқопа ауылдық округінен келген Тұрым Айсұлтанға, Жақсымай округінің өкілі Әбекенов Жансұлтанға, Қызылжар ЖОББ мектебінен Бөлеков Ерасылға аудан әкімі С. Аманбаевтың «Алғыс хаты»  мен 10 000 теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.