Қазыналы құдық

0
86

Таяуда, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  ұйымдастыруымен,  бір жағынан тұрғындардың көңіл-күйін көтеру, екінші жағынан кітап оқуға ынталандыру мақсатында,   «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген  тақырыпта  ерекше шара ұсынылды.  Орталық саябақта өткізілген  аталған шарада, кез келген темірлік  «құдықтан»  су алу үшін шелекті тартса,   оның ішінен сұрақ жазылған тілімдей қағаз шығады.  Сол сұраққа дұрыс жауап берген кісіге кітапхана атынан қазына – кітап ұсынылды.

Бұл тың да қызықты шараға қатысушылар аз болмады. Нәтижеде  тұрғындар, сұраққа мүдірмей жауап беріп, қазыналы құдықтан өз үлесін алды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.