«БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ»

0
35

НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН, ТЕМІР АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА, ТЕМІР ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ, ХАЛЫҚ АҚЫНЫ, АЙТЫСКЕР, ЖЫРАУ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИНГЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ ОБЛЫСТЫҚ «БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ» АТТЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ САЙЫСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ. САЙЫСҚА 12-15 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ 23 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ.

Байқаудың шарты — әрбір қатысушы 2 шығарманы (ақын Нұрпейіс Байғаниннің бір өлеңі немесе дастанынан үзінді және жергілікті қаламгердің бір өлеңі немесе шығармасынан монолог) жатқа айтуы тиіс болды. Қызықты да тартысты өткен сайыста, әділ қазылар алқасының шешімімен, Шұбарқұдық гимназиясының 9-сынып оқушысы Жұбанышева Жанель І-ші орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды. ІІ-ші орын екі оушыға — Қызылжар ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Мақсұт Арайлым мен Еңбекші мектеп-балабақшасының 10-сынып оқушысы Жәлімбетова Толқынға бұйырды. Ал ІІІ-ші орынды үш оқушы — Бабатай негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Темірхан Ернұр, Кеңқияқ ЖОББМ-нің 9 «в» сынып оқушысы Шапекова Асылым және № 2-ші ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Кәдіржанова Анель иеленді.
Оқушыларға Диплом, Алғыс хат және кітапхананың атынан сыйлық табысталды.
АҚЖАЙЫҚ МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ.
Темір аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы