АУДАНАРАЛЫҚ СЛЕТ ӨТТІ

0
78

ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ, «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК» ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ АУДАНАРАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ. ШАРАҒА «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАЙЫМЫ М. САҒЫНДЫҚОВА, «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МОДЕРАТОР Р. БИСЕНОВ, ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ММ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Е. САТАЕВ, ТЕМІР АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Ж. ЖАСАҚБАЕВА ҚАТЫСТЫ.

Слетте Мұғалжар, Алға, Байғанин және Темір ауданының жастары, өз өңірлерінде жастар саясаты бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылап, жастарды қоғамдық саяси, мәдени, қайырымдылық жұмыстарға тарту бойынша еркін форматта ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жоғарыда аталған төрт ауданының жастары өзара интеллектуалды сайысқа түсіп, бақтарын сынады. Нәтижеде, іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен Темір ауданың жастары, Ақтөбе қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.