ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«AМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫП, АУДАНДАҒЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ. БҰЛ БІР КҮНДІК АКЦИЯ ЕМЕС.
Жастар Қанатының мүшелері бірнеше жыл бойы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге көмек көрсетіп келеді. Егде жастағы, жалғызбасты қариялардың үйлерін жинастырып, ауласын тазалап, қол ұшын созды.
— Біз «үлкенге — құрмет, кішіден — ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды, — деді «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшесі А. Сәлімгерей.
«AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы