ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ

0
42

ТЕМІР АУДАНЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІ, ҚЫЗЫЛЖАР ЖОББ МЕКТЕБІНДЕ ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ ЖАС САРБАЗДАР Т. МАМЕТОВ, А. ДАРБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ ШАРАСЫ ӨТТІ. ШАРАҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қ.НҰРАЛЫ, АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ М. ӘДІЛХАНОВ, Б.САЛИМАНОВ ЖӘНЕ АУДАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Ж. ТАБЫЛДИН, АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б.ҚАЛДЫҒОЖИН ҚАТЫСТЫ.

Кездесу барысында ардагерлер жастарға әсери міндет — абыройлы борыш екенін жеткізе отырып, Отан алдындағы парызын өтеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралы жас сарбаздарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар жасалып жатқандығын атап өтті.
Шара соңында жас сарбаздар Темірлан мен Азаматқа аудан әкімінің тілегі жеткізіліп, марапаты табысталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.