ҚАУІПСІЗДІК ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

0
50

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН «ПИРОТЕХНИКА» ЖПІШ АЯСЫНДА, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ТЖБ ЖӘНЕ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІРГЕЛІКТЕ, АУДАН ДҮКЕНДЕРІ МЕН САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ СЕРТИФИКАТТАЛМАҒАН ЗАҢСЫЗ ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ САТЫЛУЫН АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА, РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗДІ.

Республикалық көлемде өткізіліп жатқан «Пиротехника» ЖПІШ аясында, Темір ауданының ТЖБ және Темір аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері біргелікте, аудан дүкендері мен сауда үйлерінде сертификатталмаған заңсыз пиротехникалық тауарлардың сатылуын алдын алу мақсатында, рейдтік іс-шарасы жүргізді.
Сонымен қатар бөлім қызметкерлері, жаңа жылдық мерекесін атап өтуі жоспарланған мекемелерді де аралап, іс-шара өткізу орындарындағы эвакуациялық шығу жолдары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын қарап, оларды дұрыс қолданудың әдіс-тәсілдерін түсіндірді және өрт қауіпсіздік ережелері көрсетілген жаднамаларды таратты.
Жалпы, рейд барысында заң бұзушылықтар анықталмады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.