Құттықтау

0
48

Жұмағалиева Жамал Ержанқызы, 1963 жылы 25 желтоқсанда, Темір ауданының Тасқопа ауылында дүниеге келген.1982 жылы Алға аудандық ауруханасына хирургия бөлімінің тазалықшысы болып орналасқан. 1987 жылы Теректі дәрігерлік амбулаториясына мейірбике қызметіне ауысты. 2015 жылдан бастап, Темір аудандық ауруханасында кір жуушы қызметін атқарып келеді.
Сыйластыққа не жетсін бұл өмірде,
Кәсіпке, адалдыққа бейімдісіз.
Тең қарап үлкенге де, кішіге де,
Ұжымда әжептәуір беделдісіз.
Айдынға сап аппақ бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесіз.
Құтты болсын, туылған күн, кәсіптес,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әр жылы жасыңызға.
Немерелер қуанып, сыйлық сыйлап,
Амандықпен жетіңіз жүз жасқа да!
Отбасыңыз – мәңгілік қуанышыңыз,
Кәсіп те бақытыңыз, жұбанышыңыз.
Біз Сізді құрметтейміз, қадірлейміз,
Жүректен айтылған сөз — бұл шынымыз!
Құттықтаймыз ұжым боп бүгін Сізді,
Мықты болсын арқа сүйер тірегіңіз,
Отбасыңыз, бала-шаға бәріне
Зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.
Темір аудандық орталық
аурухананың ұжымы.