ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0
67

НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ 3-7 КҮНДЕРІ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАӨТКЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ  СПАРТАКИАДАДА ТЕМІР АУДАНЫ ҚҰРАМАСЫ І-ШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕП ҚАЙТТЫ. БАРЛЫҒЫ 7 СПОРТ ТҮРІНЕН 15 ҚҰРАМА БАҚ СЫНАСҚАН СПАРТАКИАДАДА ТОП ЖАРҒАН АУДАНЫМЫЗДЫҢ КОМАНДАСЫНЫҢ ҚҰРАМА МҮШЕЛЕРІН АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ҚАБЫЛДАДЫ.
Қабылдау барысында аудан әкімі 5 күнге созылған жарыста үздік нәтиже көрсеткен жерлестерімізді жеңісімен құттықтап, артылған үміт пен сенімді ақтай отырып, ауданның абыройын асқақтатқаны үшін ризашылығын білдірді және өңірдегі бұқаралық спорттың дамуы барысын, спорттық құрылымдар мен нысандардың, шағын спорттық корттар мен шағын футбол алаңдарының аудан орталығында ғана емес, шалғайдағы елді мекендерде де ағымдағы жылдың ішінде ашылуы жоспарланғанын жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі аудандық мәдениет дене шынықтыру және
спорт басшысы Ә. Қалмағанбетовке турнир барысында спортшыларды жақсы ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, өңірдің жақсы спорттық имиджінің арқасында, тіпті республикалық деңгейдегі турнирлер де өткізіліп жатқандығын, бұл аудан үшін үлкен қолдау әрі жауапкершілік екендігін атап өтті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.