Облыстың туризмді дамытуда әлеуеті зор

0
7

Бану ТІЛЕГЕНОВА,
Облыстық мәслихат депутаты,
“Зәру” санаторий-панто емдеу орталығының басшысы.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде өңірлерде туризмді дамытудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Бұл бағытта бүгінде біздің облысымызда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, “Атамекен” облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан туризм салалық кеңесі құрылды. Бұл кеңестің басты мақсаты— бизнесті шоғырландыру, туристік бағытты дамыту, өңірдегі кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелерді шешу және олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау.
Осы орайда қазіргі таңда туризм салалық кеңесі өзекті мәселелерді талқылайтын алаңға айналып, облысымызға туристерді тартуда кәсіпкерлердің өзара бірлесе еңбек етіп, осы саланы дамытуына жағдай жасап отыр.
Бүгінде Ақтөбе облысының медициналық туризм саласын дамытудағы әлеуеті зор. Мысалы, өңірде республика бойынша үш филиалы бар “Зәру” пантоемдеу орталығы жұмыс істейді. Жуырда орталыққа “Зәру” сауда белгісін тіркеу туралы хабарлама келді. Бұл — брендті дамытудағы маңызды қадам. Сонымен қатар пантоемдеу клиникалар желісін кеңейтуге және жинақталған тәжірибені жаңа аймақтарда қолдануға мүмкіндік беретін франшиза әзірленді.
Жалпы, мұндай бастамалар өңірдегі туризмнің әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Біз алдағы уақытта бұл бағытта нәтижелі жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді салатын боламыз.