Ауыл – ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің қайнар көзі

0
21

Ауыл – ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің қайнар көзі. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындары тұрақты табыс көзіне ие болып, туған жерінде қалуға ынталы болады. Бұл ауылдық өмір салты мен дәстүрлердің сақталуына, қазақы құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, ауылда мәдениет ошақтары мен спорттық нысандардың дамуы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл экономикасының дамуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, рухани жаңғыруға да әсер етеді. Әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық әл-ауқаттың артуы ауылдық жерлерде түрлі мәдени, спорттық және ағартушылық шаралардың жиі өткізілуіне жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұлттық рухты сақтауға септігін тигізеді.

“Ауыл аманаты” бағдарламасына қатысушы Сүндетова Р.