Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері назарда

Кенқияқ ауылындағы «Зере» балабақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген міндеттерді түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – ел дамуының алдағы кезеңіне арналған басым бағыттарды балабақша қызметкерлеріне жеткізіп, олардың күнделікті еңбек қызметімен сабақтастыра түсіндіру.
Әңгіме барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, өскелең ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай жасау, педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, әлеуметтік саланы қолдау мен адами капиталды дамыту бағытындағы міндеттерге тоқталды.
Балабақша қызметкерлері үшін көтерілген мәселелердің маңызы ерекше. Өйткені бала тәрбиесінің алғашқы баспалдағы саналатын мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы қоғамның болашағымен тікелей байланысты.
«Әділет» партиясы Темір аудандық филиалы


