Жолдаудың басым бағыттары білім саласында талқыланды

0
24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің алдағы даму бағыттары мен қоғам алдында тұрған маңызды міндеттер айқындалған. Жолдауда көтерілген басымдықтарды халыққа түсіндіру және оның негізгі мазмұнын кеңінен насихаттау мақсатында «Әділет» партиясы Темір аудандық филиалының ұйымдастыруымен №3 Шұбарқұдық орта мектебінің ұжымымен ақпараттық кездесу өткізілді.

 

Кездесу барысында Президент Жолдауында қамтылған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру саласын жетілдіру, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін қолдау және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Сондай-ақ, ел экономикасын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы міндеттер түсіндірілді. Жолдауда белгіленген бастамалардың жүзеге асырылуы әрбір саланың дамуына және өңірлердегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ететіні атап өтілді.

 

Кездесу барысында мектеп ұжымы өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, Жолдауда айтылған міндеттер мен олардың қоғам өміріндегі маңызы жөнінде ой бөлісті.

 

«Әділет» партиясы Темір аудандық филиалы